Үйлер көп қираған Лудян уезі қатты зардап шекті. Алматы. 4 тамыз. ҚазТАГ - Қытайдың оңтүстік-батысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 357-ге жетті, деп хабарлады дүйсенбіде Синьхуа агенттігі.
«Апатты жағдайдың салдарын ретке келтіру орталығының баспасөз орталығының хабарламасына сәйкес, жер сілкінісі өткен 3 тамызда Юньнань ауданы Чжаотун қаласының Лудянь уездінде жергілікті уақыт бойынша 00.30-де 4 тамызға қараған түні орын алған. Нәтижесінде қаза тапқандар саны 357-ге жетсе, зардап шеккендер 1784 адамды құрады», - делінген агенттіктің хабарламасында.
ИТАР-ТАССтың мәліметі бойынша, жер сілкінісінен кейін жар көшкіні орын алып, тау өзені көлге айналған. Егер, ол арнасынан асып кететін болса жергілікті 800 тұрғынның басына қауіп төнеді.
Синьхуаның мәліметі бойынша, апат орын алған жерде 10 мыңға жуық әскерилер, полицейлер мен өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Құтқарушылардың жұмысына апат ошағында қайталанып жатқан жерасты дүмпулері кедергі келтіріп жатыр.
Осыған дейін хабарлағандай, жер сілкінісі 3 тамызда жергілікті уақыт бойынша 16.30-да (12:30 мск) 6,5 балл күшімен орын алған. Жерасты дүмпулерінің орталығы 12 км тереңдікте, ал жер сілкінісінің орталығы Чжаотун қаласынан оңтүстік-батыс жаққа қарай 23 км қашықтықта болған.
Дереккөз: ҚазТАГ