Атырау, 18 мамыр 09:21
 ашықВ Атырау +26
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30

АҚШ қор биржаларында акциялар бағамы төмендеді

2 050 просмотра

АҚШ-тың қор биржаларында 31 шілде күні инвесторлардың Украинадағы дағдарыс пен басқа да халықаралық мәселелерге қатысты алаңдаушылығынан негізгі акциялардың бағамдары төмендеді.

Нью-Йорк биржасында АҚШ-тың ең ірі 30 корпорациясын қамтитын Dow Jones индексі 300 пунктке, яғни екі пайызға жуық төмендеген. 500 компанияның акциялар құнын көрсететін S&P индексі 40 пунктке, яғни екі пайызға құлдыраған.

"Fortune" іскерлік журналының пікірінше, индекстердің құлдырауына Украинадағы жағдай мен Еуропа Одағы және АҚШ-тың Ресейге қарсы экономикалық санкциялары әсер еткен.

Мысалы, "Роснефть" компаниясымен әріптестік байланысы бар америкалық ірі мұнай компаниясы - Exxon Mobil акциялары төрт пайызға құлдыраған

АҚШ қор биржаларындағы индекстердің төмендеуіне Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің Аргентинаны халықаралық несие берушілерге қарызын төлей алмауына байланысты "жартылай дефолт" деп жариялауы да себеп болған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

1 тамыз 2014, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.