Атырау, 24 қараша 18:54
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ДСҰ Африкадағы Эбола вирусымен күреспек

1 286 просмотра

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) Африканың батысында жүздеген адамның өмірін қиған Эбола вирусымен күресу үшін 100 миллион АҚШ долларын бөлу жоспарын жариялады.

ДСҰ Эбола індетін вирус тараған аймақтарға, әсіресе шекаралық аудандарға мониторинг жүргізуді күшейту арқылы тоқтатуды көздеп отыр. 

1 тамыздан бастап ДСҰ бас директоры Маргарет Чан Гвинеяда індет тараған елдердің басшыларымен кездеседі.

31 шілде күні Африканың батысындағы Сьерра-Леоне мемлекеті төтенше жағдай жариялап, карантин қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскер жұмылдырған. Мұның алдында Либерия да індетке байланысты бақылауды күшейткен.

Вирус Африканың батыс елдеріне ақпан айында тарады. Содан бері бұл кеселден 729 адам қаза тапты. АҚШ билігі Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеге баратындарға сапарларын шегеру туралы ескерту жасады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

1 тамыз 2014, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.