Атырау, 2 қазан 05:20
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

«Мектепке жол» акциясы басталды

3 122 просмотра

1 тамызда республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Осымен алтыншы жыл өткізіліп отырған акция биыл «Мейірімді бол!» ұранымен өткізілмек.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Шәкіржан МЫРЗАҒАЛИЕВТЫҢайтуынша, акцияның мақсаты – оқу жылы басталғанда балаларды мектепке әзірлеу үшін аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету. Жергілікті бюджеттен 56 млн теңге бөлінеді. Бірақ облыстағы аз қамтылған, көп балалы және жетім балалардың 11 мыңнан астам екенін ескерсек, бұл қаржы жеткіліксіз. Мекемелер де, жеке тұлғалар да қолдау көрсете алады. Мектеп формасы мен құрал-жабдықтар, арқақоржындар, спорт тауарларын алу және т.б. секілді кез-келген көмек түрлерін жасауға болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

1 тамыз 2014, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.