«Борисполь» халықаралық әуежайының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында 2014 жылдың 30 шілдесінен бастап аэеровокзал кешешінің барлық келушілері – жолаушылар мен қарсы алушы және шығарып салушы тараптар үшін – қауіпсіздікті қадағалау шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Киевтегі BNews.kz меншікті тілшісі «Борисполь» ХӘ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, қосалқы бақылау бекеттері келу және кету аймақтарындағы барлық кіріс-шығыс есіктерінің алдында орнатылады. Келу және кету аймақтарында адамдар кептетілісінің алдын алу үшін бір кіріс тобы адамдарды терминалға кіргізіп, келесісі шығарып салып тұрады.
Сондай-ақ әуежай қызметі қауіпсіздік шараларын күшейту және аэровокзал кешенінде жүрген барлық азаматтарды тексеру үшін қосалқы уақыт жұмсалатыны жөнінде ескертеді.
«Еске саламыз, тіркеу шаралары рейс ұшқанға дейін 40 минут бұрын аяқталады. Қажетті міндетті шаралардан өту үшін қосымша уақыт қажет екенін ескеріп, әуежайға кешікпей келулеріңізді сұраймыз», - деп көрсетілген хабарламада.