Атырау, 25 қараша 17:37
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ж.Бекшин «тәж вирусының» өршуіне байланысты қажылыққа барудан бас тартуды ұсынды

1 707 просмотра

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы – Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қазақстандықтардан таяу шығыста «тәж вирусының» өршуіне байланысты қажылыққа барудан бас тартуды сұрады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Таяу шығыс респираторлық синдромы «тәж вирусы» өте қауіпті инфекция. Бұл инфекцияны жұқтырған жағдайда 70 пайызға дейін өлімге алып келеді. Қазіргі күні әлемде 700-ге жуық жағдай тіркелген, 300 адам көз жұмды. Вирус жұқтырудың көпшілігі – 414 жағдай Сауд Арабиясында тіркелген, оның ішінде 115 адам көз жұмған. Сондай-ақ, Кувейт, Катар секілді елдерде де жағдай қалыпты емес. Инфекция өзге елдерге, тіпті Еуропа елдеріне таралып кеткен», - деді Жандарбек Бекшин.

Бүгінгі күні ауру әлемнің 17 елінде, оның ішінде Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Катар, Йордания, Кувейт, Мысыр, Йемен, Ұлыбритания, Тунис, Оман, Франция, Германия, Грекия, Италия, Малайзия, Филиппин, АҚШ-та тіркелген. Осыған байланысты, Сауд Арабиясы билігі созылмалы аурумен сырқаттанатын, денсаулығы нашар адамдарға қажылыққа барудан бас тартуға кеңес береді. Сондай-ақ, қажылыққа барушылардан міндетті түрде менингококк инфекциясына және тұмауға қарсы екпенің қойылуын талап етіп отыр.

«Біз қажылық алдында халықты құлағдар еткіміз келеді. Тыйым салынбайды, бірақ азаматтарды биылғы жылы сапардан бас тарта тұруға немесе басқа уақытқа шегеруді сұраймыз», - деді Ж.Бекшин.

Ол дүниежүзілік денсаулық ұйымы толық карантин енгізбегенімен, жағдайды қауіпті деп есептейді.

Дереккөз: bnews.kz

 

30 шілде 2014, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.