Атырау, 24 қараша 16:42
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құрманбек Бакиев пен оның інісі өмір бойына бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді

3 275 просмотра

Құрманбек Бәкиев. Фото: lenta.ru  Құрманбек Бәкиев. Фото: lenta.ru Алматы. 25 шілде. ҚазТАГ – Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиев пен оның інісі Жаныш Бакиев мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді, деп хабарлады ҚырТАГ.

Жұма күні 2010 жылғы 7 сәуірде орын алған щқиғаларға қатысты сот шығарған үкім бойынша елдің экс-президенті Қ. Бакиев мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айрылып, жазасын күшейтілген режимдегі колонияда өтейтіндей етіп, өмір бойына бас бостандығынан айрылды.

Сондай-ақ Жалал-Абад облысы Сузақ ауданындағы Тейіт ауылындағы үй мемлекет пайдасына берілетін болды.

Оның інісі Ж. Бакиев те мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айрылып, жазасын күшейтілген режимдегі колонияда өтейтіндей етіп, өмір бойына бас бостандығынан айрылды.

Экс-президенттің ұлы Максим Бакиев жазасын күшейтілген режимдегі колонияда өтейтіндей етіп, 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Оның BMW автомашинасы мен банкте сақтаулы $1,9 млн ақшасы мемлекет пайдасына өтетін болды.

Экс-премьер-министр Данияр Усенов мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айрылып, жазасын күшейтілген режимдегі колонияда өтейтіндей етіп, өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Оның Cadillac автокөлігі мен Бішкектегі пәтері мен астанадағы Еркіндік көшесіндегі үйі мен 36 мыңнан астам ақшасы мемлекет пайдасына өтетін болды.

Еске салсақ, Бішкек әскери соты 2010 жылғы 7 сәуірдегі оқиғалар бойынша қылмыстық істі тексеруде. Ол кезде үкімет үйінің ғимаратының жанында 87 адам атып өлтіріліп, 300-ден астамы жараланды. Барлығы іс бойынша 28 айыпты өтуде, олардан тоғызы іздеуде жүр, олардың арасында экс-президент Құрманбек Бакиев, оның жақын үзеңгілестері бар.

Дереккөз: ҚазТАГ

25 шілде 2014, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.