Атырау, 24 қараша 17:11
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алжир ұшағының сынықтары Буркина-Фасо шекарасынан 50 шақырымда Малиде табылды

1 477 просмотра

Апатқа ұшыраған алжир ұшағының сынықтары Буркина-Фасо шекарасынан 50 шақырымда Малиде табылды, деп хабарлайды Франс Пресс. 

24  шілдеде алжирлік әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағын түс ауа диспетчерлер радардан таппай қалған. Қазір олармен байланысу мүмкін емес, төтенше жағдай жарияланып әуе кемесінің құлауы мүмкін аудандар тексерілуде.

Бұл соңғы тәуліктердегі бірінші суыт хабар емес. 23 шілдеде ғана TransAsia Airways әуе компаниясының ұшағы Тайваньда апатқа ұшырады. Әуе көлігінде шыққан ақаудың салдарынан қонуға бет алған ұшақ тұрғынүйлердің арасына келіп құлаған. 54 жолаушы мен 4 эrипаж мүшесінің 48-і көз жұмды. Ал кеше диспечерлердің радарынан жоғалған Air Algerie әуе компаниясының ұшағын табу әлі де мүмкін болмай жатыр. Әуе кемесінің бортында 116 адам болған.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

25 шілде 2014, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.