Атырау, 24 қараша 16:42
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина таяу күндері АҚШ-пен әскери одақтас болудан үмітті

1 991 просмотра
"АҚШ таяу күндері Украинаға НАТО-ға мүше емес, артықшылықты серіктес мәртебесін беруі мүмкін" деп хабарлайды Tengrinews.kz УНИАН ақпарат құралына сілтеме жасап.

Бұл туралы УҚҚ сыртқы барлау басқарамасының бұрынғы басшысы Николай Маломужа мәлімдеген. "Қазір біз барлық операцияларды жүргізіп жатқан кезде, ол көмек келе бастайды, оның ішінде әскери көмек те. Ол кішкене кештеу келеді" дейді ол. Вашингтондағы дерек көзіне сілтеме жасаған Маломужа "АҚШ Сенаты мен Конгресі бұл шешімді қолдап отыр, енді таяу күндері шешім қабылданатын болады" деп атап өтті.

Бұл мәртебе Украинаға әскери қару-жарақ пен қорғаныс кешендерін сатып алуға және жалға алу үшін АҚШ-тан кеңейтілген қаржылай көмек алуға мүмкіндік береді. Одан өзге Украина АҚШ қорғаныс жүйесін сатып алу туралы базбір келісімдерге қатысу құқығына ие болады. Маломужаның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта НАТО-ға мүше емес, артықшылықты серіктес мәртебесіне 15 ел ие. Олардың қатарында Ауғанстан, Аргентина, Оңтүстік Корея, Таиланд, Австралия, Австрия және Жапония елдері бар.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

 

25 шілде 2014, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.