Франция президентінің бұрынғы әйелі үшін 20 айда қазынадан 410 000 еуро жұмсалған
1 753 просмотра
Францияның бұрынғы бірінші ханшайымы Елисей сарайынан көшіп кеткеніне біраз уақыт болғанына қарамастан, француз халқы оны көпке дейін ұмыта алмасы анық, деп жазады жергілікті БАҚ.
Дәлірек айтқанда, оны асырап-сақтау үшін жұмсалған қаржыны...
Валери Триервеллер Франция президентімен бірге тұрған 20 айдың ішінде оған 410 мың еуро жұмсалыпты. Мұндай ысырап жергілікті халықтың қытығына тиіп отыр.
The Local басылымының мәліметтеріне сәйкес, оның тек саяхатының өзіне салық төлеушілердің 85 мың еуросы шашылған.
Енді Франция тұрғындары Франсуа Олландтың өзінен жас актриса Жюли Гайетпен қарым-қатынасы қазынаға қаншалықты салмақ салады деп алаңдауда.