Атырау қаласы әкімінің өкімімен қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімінің басшысы Еркін ҒАЛИЕВ лауазымынан босатылды. Оның орнына 57 жастағы Серікбай ҚАЗИЕВ тағайындалды.
С. Қазиев бірнеше жыл бойына қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінде жұмыс істеді. 2013 жылдың наурызынан тамызына дейінгі аралықта аталмыш бөлімге басшылық етті.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ