МАГАТЭ есебінде Тегеран келісім аясында көрсетілген міндеттемелерін орындағаны айтылады. Әу баста биыл шілденің 20-сы күні аяқталады деп көрсетілген келісім мерзімі кейін қараша айына дейін ұзартылған. Келісім бойынша, Иран уран газын байытуды 20 пайызға дейін азайтып, өзінде жиналған байытылған уран газы қорынан құтылуы тиіс болатын. Бұл мақсат орындалды деп мәлімдеді МАГАТЭ сарапшылары.
Өткен аптада Венадағы келіссөздерден АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция өкілдері Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасауға қажетті шарттарға Иран делегациясын көндіре алмай қайтқан еді.
Дереккөз: Baq.kz