Суға батып кеткен оңтүстіккорейлік «Сэволь» паромы иесінің мәйіті анықталды
1 624 просмотра
Оңтүстік Корея полициясының ақпараты бойынша, 16 сәуір күні суға батып кеткен «Сэволь» жолаушылар паромы иесінің мәйіті анықталды. Оның денесі өткен айда табылған болатын, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Ол 300 адамның өмірін қиған оқиғадан кейін биліктен қашып жүрген. Сеулдегі баспасөз мәжілісінде полиция өкілі оның мәйітінің генетикалық және дактилоскопиялық сараптама әдістерін пайдалану арқылы анықталғанын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, оның мәйіті 12 маусым күні елдің оңтүстігіндегі даладан табылды. Полиция оның неден қаза тапқанын хабарламай отыр.