Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили төтенше брифингте ел үкіметінде 7 министрдің қызметінен босатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі «Грузия жаңалықтары» агенттігіне сілтеме.
Оның айтуынша, таяуда тағы 5 министр лауазымымен қош айтысады.
Қызметінен босатылған министрлер: Грузия Мәдениет және ескерткіштерді қорғау министрі Гурама Одишария, Қоршаған орта және табиғи ресурстар министрі Хатун Гогаладзе, Мәжбүрлі түрде жер аударылған тұлғаларды, босқындарды орналастыру ісі бойынша министр Давид Дарахвелидзе, Ауыл шаруашылығы министрі Шалву Пипия, Өңірлік даму және инфрақұрылым министрі Элгуджа Хокришвили, Жазалар мен сынамаларды орындау министрі Созар Субари және Диаспора мәселелері бойынша мемлекеттік министр Константин Сургуладзе.
Дереккөз: bnews.kz
21 шілде 2014, 17:03