Атырау, 11 қазан 15:42
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Жастарға жол ашық па?

3 198 просмотра

– Биылғы жылы қызым «технолог» мамандығы бойынша университетті бітіреді. Қазақстанда жас мамандар жұмысқа алынарда қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Телефон арқылы

Сұраққа заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді.

«Мемлекетте қажетті мамандықтар бойынша жас мамандарды, мәселен, мұғалімдерді, дәрігерлерді, мал дәрігерлерін қолдау үшін тұтас бағдарлама кешені жасақталған. Аудандарда атқарушы органдар аудандар мен ауылдарда жұмыс істеуге ниет еткен жас мамандар үшін әлеуметтік артықшылықтар ұсынады.

ҚР Еңбек кодексінің 36-бабына сәйкес, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға сынақ мерзімі белгіленбейді. Осылайша, жұмысқа қабылданар кезде, егер бос орын сіздің қызыңыздың мамандығына сәйкес келетін болса, онда сынақ мерзімі белгіленбестен қабылдануы тиіс».

7 шілде 2011, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.