Атырау, 19 мамыр 01:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Израиль соғысты 5 сағатқа тоқтатты

1 943 просмотра

Астана. 17 шілде. Baq.kz – БҰҰ-ның арнайы жіберілген өкілі Роберт Серримен жүргізілген келіссөздерден кейін Израиль Газа секторына жасап жатқан қарулы шабуылын 5 сағатқа тоқтатуға келісті деп жазады Associated Press. 

Бес сағаттық бейбітшілік жергілікті уақытпен бүгін сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жалғасады (Астана уақытымен 13.00-18.00). Бұл уақыт аралығында жергілікті бейбіт тұрғындар ас-ауқатын әзірлеп, қажетті қорын жинап алуы тиіс.

Ал, егер Хамас ұйымының өкілдері бұл келісімді бұзатын болса Израиль тарапы жойқын шаралар көретінін мәлімдеді. Дегенмен, Хамас басшылығы да осы бес сағат ішінде бірде-бір қарудың атылмауына уәде берді.

Айта кетейік, 7 шілдеден бері Израиль Газа секторына қарулы шабуыл жасап жатыр. Ондағы мақсат - Хамас ұйымының Израиль қалаларына оқ жаудыруын тоқтату. Бүгінгі таңда Палестинаға әуеден мыңдаған қарулы шабуыл жасалды. Салдарынан 200-ден астам адам қаза тапқан.

Дереккөз: baq.kz

17 шілде 2014, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.