Атырау, 24 қараша 15:45
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Стокгольмның округтік соты Джулиан Ассанжды қамауға алу ордерін күшінде қалдырды

1 292 просмотра

Фото: daypic.ruФото: daypic.ruАлматы. 17 шілде. ҚазТАГ - Стокгольмнің округтік соты австралиялық журналист және блогер Джулиан Ассанжды қамауға алу ордерін күшінде қалдырды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Шведтік заңгерлер екі жыл бойы Лондондағы Эквадор елшілігінен шыға алмай отырған Джулиан Ассанжды қамау туралы халықаралық ордердің күшін жоюға қол жеткізе алмады. 16 шілдеде аталмыш іс бойынша өткен ашық тыңдалымда Стокгольмнің округтік соты қаулы еткендей, Wikileaks-тің негізін қалаушы айыпталып отырған қылмыстың ауыр екенін, және оны назардан тыс қалдыруға болмайтынын айтқан. Оған қоса, судья егер ордер кері қайтарып алынатын болса, Ассанж соттан жасырынуы мүмкін деп айтты», - делінген жарияланымда.

Судья Лена Эгелиннің айтуынша, «оның бірнеше жыл бойына бостандығының шектеулі болуы, шешімді қайта қарауға негіз бола алмайды».

Д.Ассанждың адвокаттары Томас Ульссон мен Пер Самуэльссон жақын арада аппеляцияға беруге дайын екендіктерін айтты.

Агенттік еске салғандай, 2010 жылы жазда Швецияның екі азаматшасына қатысты жыныстық сипаттта бірнеше қылмыс жасаған деген күдікпен шведтік прокуратура австралиялықтың қамалғанын қалауда. Айыпталушының өзі болса кінәсін толығымен мойындамай отыр. Д.Ассанжды қамау туралы ордердің 2010 жылдың 2 желтоқсанында берілгеніне қарамастан, оған ресми түрде әлі айып тағылмаған.

Хабарда Wikileaks басшысының Эквадор билігіне хабарласқаны айтылған. Оған Д.Ассанжды Эквадордан АҚШ-қа эктрадициялауы мүмкін деген қауіп түрткі болған еді. Себебі ол жақта ол ұзақ мерзімге түрмеге қамалуы, тіпті тыңшылығы, мемдепартамент құжаттарын рұқсатсыз жариялағаны үшін өлім жазасына кесілуі де мүмкін.

Еске салсақ, 25 маусымда австралиялық журналист Қазақстан журналистер Одағының 2014 жылғы премиясына лайық деп танылған еді. Оған «Журналистік зерттеу» аталымы бойынша лауреат дипломы жолданды.

Дереккөз: ҚазТАГ

17 шілде 2014, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.