36 жастағы Ричардсон 2013 жылғы 7 маусымда Луизиана штатындағы Шривпорт қаласынан шамамен 160 шақырым жердегі Нью-Бостонда ұсталды, хат мамыр айында осы жерден жіберілген болатын. Онда президенттің және бұрынғы қала басшысының атына олардың отты қарулар айналымына бақылау туралы мәселедегі қатаң ұстанымына байланысты қоқан-лоққы жасаған.
Прокуорлардың айтуынша, тұтқындалғанға дейін актриса өзінің кінәсін күйеуіне аударуға тырысып, полицияға оның компьютерінен үпілмәлік уын жасау әдісі, сондай-ақ Обама мен Блумберг туралы ақпараттарды тауып алғанын хабарлаған. Алайда әйел детектордағы тестіде жалған сөйлегені анықталып, өтірігі шығып қалды.
Өткен жылдың желтоқсанында алты баланың анасы Ричардсон өзінің айыбын мойындап, тергеумен мәмілеге келді, соның арқасында ол бұдан да ұзақ мерзімге жазаға тартылудан құтылып кетті.
Дереккөз: inform.kz