Атырау, 24 қараша 16:07
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кабул әуежайына шабуыл жасалды

1 162 просмотра

Фото inform.kz сайтынан алынды.Фото inform.kz сайтынан алынды.Алматы. 17 шілде. ҚазТАГ – Қабулдың халықаралық әуежайына шабуыл жасалды, деп хабарлады ресейлік БАҚ.

БАҚ ақпарынша, бейсенбі 17 шілдеде таңертеңгісін шабуыл жасалған. Әуежай аумағына ондаған қаруланған жауынгер кіріп келген. Бірнеше жаралыс болған. Билікте мәлімдегендей, терроршылар солтүстік бетте орналасқан салынып жатқан ғимараттарға жайғасқан.

Қазіргі таңда әуежай маңынан атыстар мен жарылыстар естіліп жатыр. Ауғанстан ІІМ-де қауіпсіздік күштерінің терроршыларды қоршап алғанын және жақын арада атыстың тоқталатынын мәлімдеді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ештеме белгісіз.

Ауғанстанда бар топтардың ешқайсысы әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойындарына алмады.

Еске салсақ, 3 шілдеде Кабул әуежайына шабуыл жасаған. Сол кезде атыс барысында ел президенті Хамид Карзайдың тік ұшағы қиратылған еді.

Дереккөз: ҚазТАГ

17 шілде 2014, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.