Атырау, 27 қараша 11:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Заңсыз келген бұрғылаушылар

2 474 просмотра

Исатай АІІБ мен ІІД көші-қон полициясы қызметкерлері біріккен рейд барысында Атырау облысына заңсыз аяқ басқан Қытайдың 10 азаматын анықтады.

– Олардың барлығы Нарын ауылының маңындағы «Мыңтеке» кенішінде жұмыс істеген. «Синопек Инжиниринг» ЖШС өкімімен жұмыс визасы бойынша Қазақстанға келгені, бірақ Ақтөбе облыстық көші-қон полициясы органдарына тіркелгендері анықталды. Яғни, нақты мекен-жайы тіркелген жеріне сәйкес келмейді, бұл қазақстандық заңнаманы бұзу болып табылады, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. Осы факт бойынша ҚР ӘҚтК-нің 394-бабының 3-тармағы («Шетелдiктiң Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы») бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Исатай аудандық соты он шетелдікті 2 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады. Содан соң олар жергілікті көші-қон полициясы органдарынан тіркеуден өтуге міндетті болады.

Жыл басынан бері көші-қон полициясы елімізге келу ережесін бұзған50-ден астам шетелдікті анықтады. Негізінен, бұлар – бұрғылау кеніштерінде жұмыс жасап жатқан Қытайдың, Түркия мен Малайзияның азаматтары.

Тамара СУХОМЛИНОВА

17 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.