– Құрылыс жұмыстарының сапасына, мәселен, жеке компанияның әкімшілік ғимаратының құрылысына берілетін кепілдік мерзімі қанша жыл?
Телефон арқылы
Заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді.
«ҚР Азаматтық кодексінің 665-бабының 1-тармағына сәйкес, егер құрылыс мердігерлігі шартында өзгеше көзделмесе, мердігер құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген көрсеткiштерге жеткiзiлуiне және шартқа сәйкес кепiлдi мерзiм iшiнде объектiнi пайдалану мүмкiндiгiне кепiлдiк бередi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгедей кепiлдiк мерзiм көзделмесе, кепілдiк мерзiмi тапсырысшы объектiнi қабылдаған күннен бастап он жыл болады.
Кепілдiк мерзiмi шегiнде анықталған кемшiлiктер үшiн егер, объектiнiң немесе оның бөлiктерiнiң қалыпты тозуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзi немесе ол тартқан үшiншi тұлғалар жасаған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың дұрыс болмауының, объектіні тапсырысшының өзі немесе ол тартқан үшінші тұлғалар жөндеуді тиісті дәрежеде жүргізбеуі салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мердігер жауапты болады».