- Тұрғын үй қалашығы-Авангард көпірінің ашылуынан Әуезов көшесіндегі көлік қозғалысы күшейіп кетті. Осы учаскеге қатысты қандайма бір оңтайлы шешімдер қабылдау жоспарда бар ма? Мәселен жүргінші бөлікті кеңейту секілді.
Телефон арқылы
Сауалға ІІД ЖПБ Жол-патрульдік қызмет бөлімшесінің бастығы Талғат МАРДЕНОВ жауап береді:
- Әуезов көшесін таяу арада кеңейту жоспарланып отырған жоқ. Өйткені, жүргінші жолдарды, түрлі инфрақұрылым нысандарын көшіру, сондай-ақ, жүргінші жолға жақын маңға отырғызылған жасыл-желектер үлкен жұмыстарды талап етеді.