Арзан баға
Индербор кентінде ауыл шаруашылығы өнімдері саудасының жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Бұл күні шаруа қожалықтары иелері өз өнімдерін базардағы бағадан 40-50 теңгеге төмен түсіріп сатады.
***
Қыстың қамын жазда ойла
Индер ауданында былтырдан 6 мыңтонна пішен артылып қалған. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай АБДИРОВТЫҢ мәліметінше, жазда ауданда 53 мың тоннна пішен дайындау қажет.
Қуаңшылыққа қарамастан «Нұрет» және «Қайнұр» шаруа қожалықтары он шақты бригадамен бірігіп, қоңырбас, шытыр өсімдіктерін шабуға кірісіп кеткен.
Көршілес Батыс Қазақстан облысының шаруа қожалықтары пішеннің300 келілік рулонын 4 500 теңгеден, ал, бір қорап бос шөпті 25-30 мың теңгеден сатуда.
Қазір Индер ауданы округтерінің әкімдері өз әріптестеріне Батыс Қазақстан облысынан шөп шабу алаңын бөлуді сұрап, өтінішпен шықты.
***
Жарығы мол көшелер
- Ұзындығы 12,4 шақырым болатын11 көшеге электр желісі жүргізілді. Олардың арасында бірнеше жылдан бері жарығы жоқ Шоқпаров, Мырзағалиев, Сиранов сияқты көшелер бар. Соңғы жылдары құрылған «Жаңа ауыл» ықшам ауданына да жарық келді, –деп хабарладыМахамбет ауылдық округінің әкімі Жақсылық МҮСЕПОВ.
Жарықтандыру жұмыстарын «ЗапЭлектроМонтаж» ЖШС (директоры Б. Сағызбаев) жүргізген.
***
Ойын алаңдарымен толықты
Махамбет ауданында үш балалар ойын алаңы пайдаланылуға берілді.
Оған бюджеттен8 млн 800 мың теңге бөлінген болатын. Ойын алаңының екеуі Махамбет ауылында, ал, үшіншісі Сарытоғайда орналасқан.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА