Атырау, 27 қараша 10:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Азалы тізім

1 268 просмотра

Қалалық прокуратурада кәмелетке толмағандармен болған қайғылы оқиғаларға және оларға қатысты жасалған қылмыстарға талдау жүргізді. Ата-аналар анағұрлым ұқыпты болған жағдайда трагедияның алдын алуға болар еді деп есептейді прокуратурадағылар.

Бірінші жартыжылдықта балалар зардап шеккен жеті ЖКО тіркелді. Бес бала көппәтерлі үйлердің терезесінен құлап, ауыр жарақат алды. Кәмелетке толмаған бес балаға қатысты сексуалдық сипатта қылмыс жасалды. Бір бала 4-ші деңгейлі электр күйігімен ауруханаға жатқызылды, - дейді Атырау қаласы прокурорының орынбасары Владимир МАЛАХОВ.

Жыл басынан бері қайғылы жағдайлар нәтижесінде Атырауда 10 бала қаза болды – алтауы Жайық өзеніне батып кетсе, біреуі бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, тағы бірі көлік апатына ұшырап, бір бала монетаға қақалып қалса, бірі қолдан жасалған әткеншектің шиеленіскен арқанына қылғынып қалған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

17 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.