– Мен Әуезов көшесіндегі 50-үйдің тұрғынымын. Жанымызда «Достармед» емханасы орналасқан. Оған келушілер көліктерін біздің аулаға қалай болса, солай қойып қояды. Балаларға ойнайтын жер жоқ, оларға ол жерде жүру де қауіпті. Қайда шағымдансақ екен?
www.azh.kz сайтынан
ІІД ЖПБ ЖПҚ бөлімшесінің бастығы Талғат МАРДЕНОВ түсіндіргендей, алдымен үй тұрғындары медициналық мекеме басшысының атына көлікті ретпен қоюды ұйымдастыру жөніндегі өтінішпен хат жазулары керек. Егер жауап қанағаттанарлықсыз болса, онда әрі қарай ЖПБ-ға шағымданыңыз. Ал жалпы көлік қою ережесін бұзуға қатысты ЖПБ-ның кезекші бөлімінің 30-02-68 телефонына хабарласуға болады. Алайда, Марденов атап өткендей, әр аулаға инспектор қоюға мүмкіндік жоқ.