Атырау, 24 қараша 15:35
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейде қызметке шетелдік көлік сатып алуға тыйым салынды

2 565 просмотра

Ресей Үкіметі шетелде шығарылған машиналарды қызметтік көлік ретінде мемлекеттік және муниципалдық тапсырыстар негізінде   сатып алуға тыйым салды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев айтты.

"Осы қаулы бойынша шетелде өндірілген машиналарға мемлекеттік және муниципалдық сатып алулар жүргізуге тыйым салынады. Мен бұл құжатқа қол қойдым", - деді Ресей премьері әріптестерімен кездесуі кезінде. Айта кетейік, Қазақстан Үкіметі де мемлекеттік сатып алуларды іске асыруда отандық өндірушілерді қолдау шараларын қолға алып келеді. 2013 жылы қазақстандық мемлекеттік органдар 7200 қызметтік автокөлік сатып алған. Оның 5200-і - отандық өнім. Сатып алулардың жалпы сомасы 29 млрд теңге болды.

Қазақстан шенеуніктері арасында құны 40 мың доллардан, яғни 7,4 млн теңгеден асатын қызметтік көліктер көп сұранысқа ие. Кейбір ведомстволар мұндай сомаға мемлекеттік сатып алуды іске асыру мемлекеттің беделі үшін қажет деп түсіндіреді. Кейбір мемлекеттік органдар болса, қымбат автокөліктер шетелдік меймандарды ұялмай қарсы алып, оларға лайықты қызмет көрсету үшін қажет дейді.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 шілде 2014, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.