Атырау, 18 мамыр 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қағаз жүзінде ғана көмек көрсеткен

1 817 просмотра

Исатай аудандық соты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы бас маманы К.И.-ге қатысты айыптау үкімін шығарды.

Исатай ауданының прокуроры Мақсат ЕРМЕКОВТЫҢ айтуынша, ол 2011 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде қызмет бабын пайдалана отырып, жеке көмекшілерге актілерге орындалған жұмыстарды артық етіп көрсетіп, жалған мәліметтерді енгізуге нұсқау берген, сондай-ақ, мүгедектердің қолын өзі қойып жіберген. Нәтижесінде жеке көмекшілердің есепшоттарына 283 848 теңге бюджет қаржысы заңсыз аударылған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеке көмекшілердің қызметі жүрiп-тұруы қиын І топтағы мүгедектерге көрсетіледі. Көмекшілер жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен тағайындалады, олардың қызметін мемлекет қаржыландырады.

- «Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жыл сайын мемлекеттік сатып алу өткізудің нәтижесінде жеке көмекшiлер ретінде қызмет көрсету бойынша келісімшарттар жасақталады, - дейді М.Ермеков. – Тексеру жеке көмекшілердің мүгедектерге өз есептерінде қолдарын қойдыру үшін ғана анда-санда келіп-кетіп отырған. Ал кейбірі қамқорлығындағы адамдарды мүлдем көрмеген де. Бірақ, соған қарамастан, бөлімде орындалған жұмыстардың актісі қабылданып отырған. Мысалы, жасақталған есептерге сәйкес жеке көмекші З.С. 2011 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде бүгінде марқұм болған мүгедек К.Самигуллинді әртүрлі әлеуметтік ұйымдарға (селолық әкімдік, ХҚКО, театр, дүкен және т.б.) еріп жүру арқылы апарған. Алайда, оның зайыбының берген жауабына сәйкес, олар тіпті көмекшіні танымайды да.

Соттың шешімімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы ҚР ҚК-ның 307-бабының 1-бөлігімен («Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану») айыпты деп танылып, 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 шілде 2014, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.