Өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кеткен филиппиндік қыз бала қазір аса ауыр халде Аврора қаласының ауруханасында жатыр, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Қыз бала безгек ауруына шалдығып, ата-анасы оны бірнеше күн бойы үйде емдемек болған. Оның жағдайы нашарлай түскенде ғана ауруханаға апарады. Қаршадай қызды қарап шыққан дәрігерлер оның жүрек қағысы сезілмейтінін айтып, қайтыс болғанын жеткізеді.
Жерлеу рәсімі ұйымдастырылады. Ата-анасы баласымен қоштасу үшін соңғы рет табыттың беті ашылған сәтте қыз бала кенеттен қозғала бастаған. Оны дереу табыттан алып шығып, су беріп, ауруханаға қайта жеткізді.