Атырау, 24 қараша 15:32
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Триполи әуежайына зымыранмен шабуыл жасалды

1 204 просмотра
Ливияның Триполидегі бас әуежайына өткен түнде зымыранмен шабуыл жасалды. BBC хабарлағандай, әуежай аумағына 20-ға тарта зымыран жіберілген. 

Ливия үкіметі өкілінің мәліметінше, «Бұршақ» зымырандары әуежайда тұрған ұшақтардың 90 пайызын жойып жіберген. Олардың арасында «Ифрикия» және «Либия» әуе компаниясының лайнерлері бар. Сонымен қатар, диспетчерлік мұнара қирап, ұшу-қону жолағы бүлінген.

«Азаматтық тұлғаларға тиесілі бірнеше ұшақ пен автокөлік зақымданды», - деп хабарлады әуежайдың қауіпсіздік қызметі өкілі. Оның айтуынша, металл сынықтары кедендік бақылау залына да тиген.

BBC мәліметінше, шабуыл салдарынан бір әскери қаза тапты. Зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.

Әуежай аумағындағы қарулы қақтығыстар жексенбі, 13 шілдеден бері толастамай тұр. Триполи билігі елдің бас әуежайын жауып тастауға мәжбүр болды. Қазірдің өзінде 15 адам көз жұмып, 25-і жарақат алған.

Дереккөз: bnews.kz

 

15 шілде 2014, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.