Атырау, 17 ақпан 05:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Голды легионерлер ғана салды

2 076 рет қаралды

13 шілдеде футболдан ел чемпионатының 20-туры матчында «Атырау» командасы өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдады.  

Алаң иелері көп шабуылдағанмен, гол соғатын сәттерді дұрыс пайдалана алмады. Ал қонақтар болса, өз мүмкіндіктерін жібермеді. Ойынның 8-минутында «Қайсардың» эстондық легионері Римо ХУНТ гол соқты. 45-минутта серб Милош ТРИФУНОВИЧ пенальтиден есепті теңестірді, есеп 1:1. Ал матчтың 68-минутында малилік Мамуту КУЛИБАЛИДІҢ соққысынан кейін қонақтар алға шығып, ойын соңында Римо Хунт есепті еселеді – 3:1, қонақтар жеңіске жетті. Жанкүйерлер «Мұнайшы» стадионынан көңілдері түсіп шықты.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 шілде 2014, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.