Оқиға Тоғызыншы шілде даңғылында Аргентина астанасының символы болып есептелетін 67 метрлік Обелиск маңында орын алған. Мұнда аргентиналық жанкүйерлер, ұлттық құраманың жеңілгеніне түңіліп, дүкендер мен мейрамханалардың шыныларын бұзып, автомобильдерге тас лақтырған. От тұтатқан жағдайлар да болған. Полиция жағдайды өз бақылауына алуға тырысуда. Тәртіп сақшылары көзден жас шығаратын газ бен су атқыштарды пайдалануда.
Атап өту керек, аргентиналықтардың басым бөлігі жеңілісті лайықты қабылдап, Бразилиядағы әлем чемпионатында финалға шыққан құрамасының жақсы ойыны үшін алғыстарын білдірген. Көпшілігі ойыннан кейін үйіне шусыз тараған.
Дереккөз: ҚазАқпарат