Атырау, 24 қараша 15:55
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Меркель мерзімінен бұрын отставкаға кетпейтінін мәлімдеді

1 741 просмотра
Германия канцлері Ангела Меркель ZDF теларнасына берген сұхбатында «канцлер мемлекет басшысы лауазымынан мерзімінен бұрын босап, БҰҰ-ның келесі бас хатшысы болады екен» деген сыбысты жоққа шығарды. Бұл туралы РОСБАЛТ хабарлап отыр. 

«Келесі сайлауға дейін жұмыс істегім келеді, одан кейінгісін көре жатармыз», - деді Меркель, өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін қызметінде қалатынын алға тарта отырып.

Сонымен қатар, Меркель өзінің 2018 жылы БҰҰ бас хатшысы лауазымын иеленуі мүмкіндігін де жоққа шығарды.  

«Олай болмайтыны анық», - деп сендірді канцлер.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Der Spiegel басылымы партия мен үкіметтегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып Ангела Меркель сайлауды күтпей, қызметінен өз еркімен кетуді жоспарлап отыр деген хабар таратқан болатын.

Дереккөз: bnews.kz

14 шілде 2014, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.