11 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс 23-ші сессиясы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА бюджеттегі өзгерістер туралы баяндама жасады.
МЕДИЦИНА, СУ, ҚАЛБЫРЛАР
Депутаттарға бюджеттен келесі қаржыларды бөлуді мақұлдау ұсынылды:
Облыстық құрылыс басқармасына 296,4млн теңге – Қызылқоға ауданының Мұқыр селосы мен Құрманғазы ауданының Котяевка селосындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысына; Нұрсая ықшамауданындағы және Сырым Датов көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауға; Жанбай селосындағы 200 орындық Мәдениет үйі мен дәрігерлік амбулатория құрылысына; Исатай ауданы Аққыстау поселкесі Өркен ықшамауданындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына 829,6млн теңге – «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 31 селодағы су тазарту қондырғысының құрылысын аяқтауға; Индер ауданының Елтай селосының «Жас өркен» балалар лагеріндегі газ жүйелері, қазандық және жылу жүйелерінің құрылысын аяқтауға;
Облыстық көлік және автомобиль жолдары басқармасына 133 млнтеңге - жол жөндеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын жасауға;
«Атырау» ӘКК-не200 млн теңге – көкөністерді өңдеуге және қалбырлауды ұйымдастыруға;
Облыстық аурухана мен облыстық перзентханаға140 млн теңге – дәрі-дәрмектер алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге.
ЖӘРДЕМАҚЫ, ПОЛИЦИЯ, МЕКТЕП АВТОБУСТАРЫ
Жәрдемақы мөлшерін көбейту бойынша – соғыс ардагерлері, қаза болғандардың жесірлері, Ауған соғысы ардагерлері (барлығы 568 адам) үшін коммуналдық қызметті төлеуге 17,9 млн теңге бөлу;
облыстық ІІД-нің материалдық-техникалық базасын дамытуға – 150 млн теңге;
инженерлік коммуникацияны дамытуға және республикалық бюджет қаржысына салынып жатқан үйлерді қыс маусымына дайындауға - 1,2 млрд теңге;
қысқа дайындыққа және мектеп автобустарын алуға, Исатай ауданындағы Жанбай каналының ескі арнасынан Манаш қазаншұңқырына дейін жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жобалау-сметалық құжаттама жасауға – 85 млн теңге;
Құрманғазы ауданының елді мекендеріндегі инженерлік инфрақұрылымдар құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын жасауға, Ганюшкин селосындағы жаяу жүргінші көпірінің құрылысы мен абаттандыруға – 86 млн теңге;
Қызылқоға ауданының Жангелдин округіндегі селолық әкімдік ғимаратын жобалауға және құрылысына – 41 млн теңге;
Махамбет ауданының Тереңөзек каналына екі шлюз бен 2,8 шақырым бөгет салуға– 42 млн теңге;
ағымдағы шығындарға – 2,7 млн теңге бөлу ұсынылды.
Депутаттар бюджеттегі өзгерістер үшін бірауыздан дауыс берді.
МӘСІМОВ, ТҮГЕЛБАЕВ ЖӘНЕ ЖАНБАЙ
Осыдан кейін облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ «Атырау облысының құрметті азаматы» төсбелгісін еңбек ардагерлері: дәрігер Омарғали ТҮСІПҚАЛИЕВҚА, теміржолшы Юрий НЕКЛЮДОВКЕ, байланысшы Асау ИБРАШЕВҚА және кеденшілер Мұрат ӨТЕШЕВКЕ табыс етті.
Өз сөзінде Б.Ізмұхамбетов еліміздің премьер-министрі Кәрім МӘСІМОВ таяуда Атырауға келген сапарында «облыста жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға берді» деп мәлімдеді. Бюджет қаржыларын игеру қарқыны бойынша өткен жартыжылдықта облыс республикадағы өңірлер арасында 99,9% көрсеткішпен бірінші орын алған. Әкім премьердің келу сапары кезінде «Атыраунефтемаш» кәсіпорнында үш жаңа инвестициялық жобаны таныстырған кәсіпкер Сағат ТҮГЕЛБАЕВҚА алғыс білдірді. Бұдан басқа, С.Түгелбаев құс фабрикасы мен Неке үйінің жанынан күзде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық 11-ші форумы өтуі тиіс көрме залын салуға мердігерлік алды.
- Премьер Мәсімов әлеуметтік шараларға және Жанбай поселкесіндегі құқықтық тәртіппен қамтуға көңіл аударуды өтінген хат жолдады, - деді облыс әкімі. – Бұл жерде браконьерлік және жұмыссыздық негізінде орын алатын түрлі тәртіп бұзушылық фактілері тіркеледі. Мен Жанбайда өз орынбасарларыммен және құқыққорғау органдарының басшыларымен мәжіліс өткіздім. 3,5 мың тұрғыны бар елді мекендегі Мәдениет үйі бұрынғы жем-шөп қоймасында орналасқан. Мен тұрғындарға жаңа Мәдениет үйін салып, көшеге жарық жүргіземіз деп уәде бердім.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ