10 шілде күні Атырауда балық және балық өнімдерін сататын су үсті павильоны ашылды.
Балық дүңгіршегі өзеннің облыстық әкімдікалдындағы бетіне орналасты. Дайын өнімдер сөре үстінде болса, балық су өткізгіш ыдыс ішінде. «Амангелді» өндірістік кооперативінің балықшылары кез-келгенін сүзіп алып, таңырқауын жасыра алмай жүрген сатып алушыларға өлшеп, беріп жатыр.
– Осындай бұрыннан бар павильондарды жаңғырту идеясын «Қазақбалықшар» қауымдастығы ұсынды, – дейді «Амангелді» ӨК төрағасы Мұрат ӘМІРҒАЛИЕВ. – Олар осы ұсыныспен балық комитетіне шықты, Астана келісім берді, облыстық әкімдік те қолдау көрсетіп, қаладан ең жақсы жерді бөлді. Алға қарай осы сауда нүктесінен басқа Авангардта және «Атырау» шипажайының маңында павильондар жұмыс жасайтын болады.
Бағалардың нарық бағасынан төмендігін сөз еткен Әмірғалиев сол бағаны балық аулау маусымы соңына дейін ұстайтынын уәде етті: тірі салқындатылған балықтың бір келісінің бағасы 80-нен 600 теңгеге дейін болса, балық өнімдерінің бағасы 500-2 700 теңге аралығында.
Жаңа ауланған балықты қолжетімді бағамен мұз қатқанға дейін күн сайын таңғы сағат 10.00 мен кешкі сағат 20.00 аралығында сату жоспарланып отыр.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА