Атырау, 18 мамыр 18:17
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Кепілдікпен босатылды

2 595 просмотра

2 шілдеде Махамбет-Сатыбалдиев көшелерінің қиылысында 46 жастағы әйел адам қаза тауып, бірнеше көлік бүлінген жол апатын жасаған Кісі өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы») Атырау қалалық №2 сотының хатшысы Алтынгүл МАЕВА ақшалай кепілдікпен босатылды.

Естеріңізге салсақ, ЖКО-дан кейін А.Маеваға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы бойынша («Абайсызда кісі өліміне әкелген көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы»)қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылған еді.

Оны босатуға қала прокуроры Нұрлан ҚАРАШОЛАҚТЫҢ 5 шілдедегі қаулысы негіз болды. Онда былай делінген: «ҚР ҚІК-нің 139-140-баптарының негізінде айыпталушы Алтынгүл Маеваға қатысты 202 мың теңге сомада кепіл түрінде тыйым салу шарасы қолданылсын». Сол күні ол уақытша ұстау изоляторынан босатылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінде хабарлағандай, қазіргі уақытта Алтынгүл Маева ақысыз демалыста жүр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 шілде 2014, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.