Атырау, 24 қараша 15:25
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәжік шекарашылары шекарадағы қырғыз бекетін қайта оқ астына алды

2 539 просмотра

Фото: ИА Новости-КазахстанФото: ИА Новости-КазахстанАлматы. 10 шілде. ҚазТАГ – Тәжік шекарашылары «Тамдық» шекара бекетіне (ҚР) орналасқан Қырғыз Республикасы шекарашыларына бір күнде екінші рет оқ жаудырды, деп хабарлайды ҚырТАГ.

«Тәжік шекарашылары қырғыздың «Тамдық» шекара бекетіне қарай оқты миномет және гранатаатқыштан жаудырған. Қазіргі таңда атыс тоқтаған», - деп хабарлады ҚР мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімі бейсенбіде.

Қақтығыс аумағына Қырғызстан мен Тәжікстан шекаралық өкілдері шығып кеткен.

«2014 жылдың 10 шілдесінде Баткен облысы Баткен ауданының Тамдық деген жерінде орын алған қарулы қақтығысқа байланысты Қырғыз Республикасы мемлекеттік шекара қызметінің бөлімшелері мемшекараның қырғыз-тәжік учаскесінде әскери қызмет атқарудың күшейтілген режіміне ауыстырылды. Жанжалдың өрістеуіне жол бермеу мақсатында қырғыз шекарашылары уақытша Ақсай – Тамдық (ҚР) жолын жауып тастады», - делінген хабарда.

Бұған дейін сәл ертерек Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінен хабарлағандай, 10 шілдеде Баткен облысы Баткен ауданының Тамдық деген жерінде Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы шекаралық жасақтары арасында атыс орын алды. Мұнымен қатар екі мемлекет шекарашыларының арасындағы атыс Тәжікстан азаматтарының құқыққа қайшы іс-қимылдарымен арандатылғаны аталған. Қырғыз әскерилері ТР азаматтарының тарапынан жасалған заңсыз әрекетке тосқауыл болмақ болғанда, тәжік шекарашылары оқ жаудырған.

Тәжіктік тарап Ворухтың бір жергілікті тұрғыны қаза тауып, бесеуі жараланды деп мәлімдеген болатын.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 шілде 2014, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.