Атырау, 24 қараша 16:18
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс кезінде Тәжікстанның бір азаматы қаза тапты

2 619 просмотра

Фото: TengrinewsФото: TengrinewsАлматы. 10 шілде. ҚазТАГ - Қырғыз-тәжік шекарасындағы шекарашылар арасында орын алған атыс нәтижесінде Тәжікстанның бір азаматы қаза тапты және бесеуі жараланды, деп хабарлайды Тәжік телеграф агенттігі (ТәжікТА).

«Бүгін, 10 шілде күні, шамамен 10.30-дарда қырғыз шекарашысы Ворух тұрғындарына қарсы оқ жаудырды. Оқиға нәтижесінде бір адам қаза тауып, бес жергілікті тұрғын – Тәжікстан азаматтары – жараланды», - деп хабарлады ТР Соғды облысы Исфара аудандық ІІБ-дағы дереккөз бейсенбіде.

ІІБ кезекшісі атап өткендей, қақтығыс дерегі бойынша тексеріс басталды.

Ворухтың тұрғындары болса жеті жаралының барын және бір Тәжікстан азаматының – жергілікті тұрғынның қаза тапқанын хабарлауда.

Мұнымен қатар Соғды облысы төрағасының орынбасары Джумабой Сангинов БАҚ-қа жағдай жайлы ештеңе білмейтінін мәлімдеген. Оның айтуынша, бүгін күннің екінші жартысында Исфарада Тәжікстан мен Қырғызстан үкіметаралық комиссияларының отырысы өтіп, онда шекарада жаңа үйлер мен көпірлер салу мәселесі талқыға салынады екен, бұл туралы Бішкекте 2-3 шілдеде келісілген. Атап айтқанда, бұл отырыста тараптар Көкташ – Ақсай – Тамдық – Кишемиш пен Исфара – Форух көлік жолдарының құрылыс мәселесін кезекті рет шешіп көруге тырысады.

Бұған дейін сәл ертерек Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінен хабарлағандай, 10 шілдеде Баткен облысы Баткен ауданының Тамдық деген жерінде Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы шекаралық жасақтары арасында атыс орын алды. Екі мемлекет шекарашыларының арасындағы атыс Тәжікстан азаматтарының құқыққа қайшы іс-қимылдарымен арандатылған.

30 адам көлеміндегі Тәжікстан азаматтары Қырғызстан аумағынан (Караушин өзені) Ворух (ТР) анклавынан Бедак ауылына дейін құбыр желісін жүргізбекке талпыныс жасаған. Қырғызстан шекаралық қызметі оқиға орнына келіп жетіп, аталған жер телімінің заңды жазылмауымен байланысты барлық жұмыстарды тоқтатуды талап еткен. Қырғыз шекарашыларының талаптарына жауап ретінде Тәжікстан азаматтары ҚР шекара жасағын таспен атқылаған.

Тәжік азаматтарының тарапынан заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында қырғыз шекарашылары ескерту ретінде аспанға атады. Оқиға орнына алыс емес жерде болған Тәжікстан шекара жасағы қырғыз шекарашыларына қарай оқ жаудырады. Нәтижесінде екі республика шекаралық жасақтарының арасында қысқа ғана атыс орын алған.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, қақтығыс барысында қырғыз жағынан оқ жарақатын алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 шілде 2014, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.