Атырау, 17 мамыр 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

3 427 просмотра

Алыптар күш сынасты

«Атырау» фитнес орталығында армрестлингтен қоссайыс бойынша қала чемпионаты өтті.

 

Жарысқа 54 атлет қатысты. Жеңімпаздар 16-19 шілдеде Ақтөбе қаласында өтетін ел чемпионатына қатысатын облыс құрамасына іріктелді. Владимир Крюков (60 келіге дейін), Константин Тарабрин (65 келіге дейін), Олег Яковлев (70 келіге дейін), Мұрат Әбуталиев (75 келіге дейін), Нұржан Қазиханов (85 келіге дейін) және Александр Максин (85 келіден жоғары және абсолюттік салмақта) қала чемпионы атанды. 

***

 

Жүлделер жауған күн

Таразда мектеп және колледж оқушылары арасында WKF-каратеден жазғы спартакиада өтті. 

Ката санатында алтын медальға СТГ оқушысы Эльдар Бердиев ие болды. Кумитеде Тимур Досалиев (Досмұхамбетов атындағы лицей) пен Злата Гончарова (№24 мектеп) күміс медаль жеңіп алды. Ал, Құмар Есмағамбетов (Құлсары) пен Альмир Исатаев (16 мектеп) спаррингте қолаға қол жеткізді. Тағы бір қола жеке ката бойынша З. Гончарованың иелігінде. Сонымен қатар, Алина Мохначева, Нұрсұлу Кенғанова және З. Гончарова командалық катадан үшінші орын алды. 

***

 

Тек қана жетінші

Қызылордада 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтті.

Атырау қоржынында тек екі-ақ жүлде: Фаиза Әділбаеваның (4-БЖСМ, жаттықтырушысы А.Сағынғанов) «алтыны» мен Қуаныш Тайманұлының (1-ОРМБЖСМ, жаттықтырушысы Ж. Қиянов) «қоласы». Осы нәтижемен облыс құрамасы командалық жетінші орынды місе тұтты. Ал, командалық бірінші орынды кілем иелері алды. 

***

 

Ташкенттегі жетістік

Ташкент қаласында өткен самбодан Азия чемпионатында атыраулық самбошылар сәтті өнер көрсетті.

Әскери самбодан Әсет Әлдешев (суретте) алтыннан алқа тақты. Ол - Қазақстан құрамасынан бас жүлде алған жалғыз спортшы. Естеріңізге салсақ, өткен жылы Оңтүстік Кореяда болған Азия чемпионатында да осындай нәтиже көрсеткен болатын. 

Спорттық бөлімде Қалжан Тайжанова мен Ержан Қабделов, сондай-ақ, жасөспірімдер арасында Айдынбай Қайырберді мен Алтынбек Зейнолла «күміс» иеленді. Әскери бөлімде облыстық джиу-джитсу федерациясының шәкірттері Талғат Жұмағалиев, Рашид Қабылов және Айбек Бөлекбаев қола медаль алды. Әсет пен Қалжан қараша айында жапон қаласы Наритода өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. 

Спортшыларды К.Досқалиев, Б.Қошқаров, А.Есенғалиев, А.Жұмабеков, А.Қыздарбаев және Ж.Иманбаев сынды жаттықтырушылар ұжымы дайындады.

Сурет «ЖС» мұрағатынан алынды

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.