Атырау, 27 қараша 09:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тамызда қысқартылады

2 035 просмотра

Қарабатанда 15 шілдеге дейін жаппай жұмыстан шығару болмайды, деп хабарлады «АЖ»-ға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағылар. Олар жұмыстан тамызда босатылады.

Редакцияға Қарабатанда мердігерлікпен айналысып жатқан компанияның бірнеше қызметкері хабарласты. Олар 40 адамның қолдарына 15 шілдеге қарай жұмыстан босатылатындығы туралы хабарлама алғандығын растап отыр. Әңгіме «PSN-Казстрой» ЖШС мен «Болашақ-Атырау» ЖШС туралы болып отыр.

- Алдағы уақытта жұмыстан босатуға дейінгі екі ай ішінде жұмыс беруші бізге тиісті өтінімдер ұсынуға міндетті, ал осы мерзімге бізде мұндай өтінімдер жоқ, - дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Клара МҰҚАШКЕРЕЕВА. Біз екі компанияның басшылығымен хабарласып, нақтыладық. «PSN-Казстрой» компаниясы тамыздың аяғына қарай 87 қызметкерді босатуға өтінім бермек. Олардың келісімшарт мерзімдері аяқталды. Бәлкім, адамдар хабарламаны алдын ала вахтаның алдында алған шығар, өйткені уақыт бойынша бұл соңғысы. Бірақ төлемдер тамыздың аяғына дейін толық жүргізіледі. «Болашақ-Атырау»ЖШС бұл мерзімдежұмыстан босатуды жоспарлап отырған жоқ.

Басқармадағылар жұмыстан босағандардың бір бөлігі кейбір қызметкерлерді біліктіліктеріне сәйкес өзінің басқа жобаларына ауыстырғысы келетін сол жұмыс берушіден жаңа ұсыныстар алады деп үміттенеді.

Жұмыссыз қалатындарды компания әлеуметтік көмек көрсету (жұмыссыздар әлеуметтік сақтандыру деп аталатын жәрдемақыны уақытша ала алады, оны жұмыссыздарға алты айға дейін МЗТО арқылы төлейді) және жаңа жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту басқармасына арнайы жасалатын тізімге енгізеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

9 шілде 2014, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.