Украинаның әділет министрлігі Компартияны жою бойынша сот процесін бастады
1 404 просмотра
Украинаның әділет министрлігі елде Коммунистік партия қызметіне салынған тыйым бойынша сот процесін бастады. Бұл туралы Үкімет үйіндегі брифингте ведомство басшысы Павел Петренко мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz-тің Киевтегі меншікті тілшісі.
«Украина Коммунистік саяси партиясы тарапынан жасалған заңға қайшы әрекеттерге қатысты Әділет министрлігінің құқық қорғау органдарына көптеген дәлелдер ұсынылды. Дәлелдер талдауының нәтижелері бойынша мен бүгін Украина Коммунистік партиясын жою туралы шешім қабылдап, қол қойып, талап-арыз бердім», - деді министр.