Атырау, 21 мамыр 18:13
 дождьВ Атырау +33.8
$ 471.77
€ 547.25
₽ 6.60

ӘЧ-2014: Бразилия жанкүйерлері бірнеше көлікті өртеп жіберді

1 736 рет қаралды
Бразилияның Сан-Паулу қаласында ашуға мінген жанкүйерлер бірнеше автобус пен жеңіл көліктерді өртеп жіберді. Басты себеп - Бразилия ұлттық құрамасының Германиядан ойсырай жеңілуі. 

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, кездесу аяқталысымен жанкүйерлер кемі алты автобусты өртеп жіберген. Сондай-ақ, жергілікті дүкендерді де тонап кетіпті. Бүгінде құқық қорғаушылар тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған бірнеше адамды қамауға алғанын айтып отыр.
Сан-Паулу мен Ресифи қалаларындағы наразылық шаралары матчтың бірінші таймы бітпей жатып-ақ басталып кеткен. Өйткені, ойынның 29 минутына дейін немістер қарсыластар қақпасына жауапсыз 5 гол соққан болатын.

Дереккөз: Baq.kz

9 шілде 2014, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.