"Әуежайда амандық сұрағаннан кейін артық әңгіме айтып үлгермейсің. Ал, менің президентке айтарым көп еді" деп Перри өзінің әрекетін тілшілерге түсіндіріп берді. Politico порталы хабарлағандай, Техас губернаторы Обамамен халықтың әлеуметтік жағдайы және қауіпсіздік шаралары жайында сөйлеспек болған. Өйткені, соңғы уақытта штаттың оңтүстігіндегі Рио-Гранде өзенінің алқабында заңсыздықтар жиілеп барады.
"Мен өзіңізбен кездесіп, әңгімелесу үшін кез-келген уақытта баруға дайынмын. Тіпті, өзімнің күнделікті кестеме өзгерту енгізіп, өзіңізге халықтың проблемаларын жеткізуім керек" дейді Перри өзінің президентке жазған хатында.
Ал, президент әкімшілігі болса губернатордың бұл хатына шұғыл жауап беріп, оны Обаманың қатысуымен 9 шілде күні Даллас қаласында өтетін дөңгелек үстелге шақырды.
Дереккөз: Baq.kz