Атырау, 24 желтоқсан 23:00
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Германия құрамасы бразилиялықтарды ойсырата жеңіп, ӘЧ финалына шықты

2 031 рет қаралды

Германия құрамасы  футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия командасын  ойсырата жеңіп, турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Р-Спорт.

Белу-Оризонти қаласындағы "Минерау" стадионында өткен матчтың небәрi 30 минуты iшiнде германиялықтар 5 гол тоғытып, алаң иелерiн меңiреу кейiпке түсiрдi. Гол авторлары: Томас Мюллер (11-ші минут), Мирослав Клозе (23-ші минут), Тони Кроос (24 және 26-шы минуттарда), Сами Хедира (29-шы минут).

Екiншi таймда Клозенi алмастырған Андре Шюррле дубль авторы атанып, есептi 7:0-ге жеткiздi. Ойынның соңғы минутында бразилиялық ойыншы Оскар өз командасының жалғыз голын салып, есептi аз да болса қысқарта алды.

9 шілде 2014, 08:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.