7 шілдеде Жайық өзенінің Геолог ауылы тұсында қайғылы оқиға орын алды.
Кешкі сағат алты шамасында Геолог ауылы маңындағы саяжай тұсына «Лада-Гранта» автокөлігімен келген жігіт пен қыз суға түседі. Индер ауданы Көктоғай ауылының 23 жастағы тұрғыны арғы бетке жүзіп шықпақшы болады, алайда қарсы бетке жетуге он метрдей қалғанда қыздың көзінше суға батып кетеді. Бір сағаттан кейін сүңгуірлер жігіттің денесін судан шығарды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ