Атырау, 24 қараша 16:02
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жапонияда 500 мыңға тарта адам эвакуацияланып, цунами қаупі ескертілді

1 892 просмотра
Жапонияның Окинава оңтүстік префектурасының билігі «Нэогури» тайфунының жақындауына байланысты 480 мыңнан астам адамды эвакуациялады.

Жергілікті «Эн-эйч-кей» телеарнасының хабарына қарағанда, негізінен қазірдің өзінде «Нэогури» соққысын көрген Мияко аралының 55 мыңнан астам тұрғыны мен Окинава аралының 138 мыңнан астам адамы қауіпсіз аймаққа көшірілген. Бұл ретте билік адамдарға арнайы жабдықталған орындарды немесе күшті дауылға шыдас беретін ғимараттарды паналау туралы хабар таратуда.  Ал жергілікті  энергетикалық компаниялар Окинавада орналасқан 22 мыңнан астам үйдің электр желісін ажыратқан.

Метеорологтар ақпарына қарағанда, тайфун биіктігі 14 метрге жететін толқын тудыруы мүмкін, соған орай цунами қаупі туралы да хабарлар таратылған. Бұдан бөлек, жылдамдығы 200 шақырым/сағатты құрайтын күшті дауыл тұратыны, оған нөсер жаңбыр ұласатыны туралы ескертулер де бар. Кейбір бағалауларға қарағанда,  «Нэогури» Жапонияның аталған өңіріндегі соңғы онжылдықтағы ең жойқын тайфун болуы ықтимал.

Дереккөз: ҚазАқпарат

8 шілде 2014, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.