Атырау, 18 мамыр 16:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Балғаның көмегімен жауап алған

2 702 просмотра

Атырау қалалық криминалдық полициясының үш қызметкері күдіктіге қинау әрекеттерін қолданғаны үшін кінәлі деп танылып, түрлі мерзімде бас бостандығынан айыру жазаларын алды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, №2 қалалық соттың судьясы Эльмира ОЙҚҰЛОВА оларды ҚР ҚК-нің 141-1-бабында қарастырылған («Тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның, немесе өзге лауазымды адамның қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi») қылмысты жасауда кінәлі деп таныды.Бұрынғы аға жедел уәкіл А.К. жалпы режимдегі түзету колониясында екі жыл бас бостандығынан айыру, криминалдық полицияның жедел уәкілдері А.З. мен Р.Н. тиісінше бір жарым және бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Үкім әлі заңды күшіне енбегендіктен, сотта комментарий берілмеді. Өз дереккөзімізден анықтағандай, зардап шегуші 2013 жылы желтоқсанның аяғында азық-түлік дүкенін тонады деген күдікпен ұсталған. Полицейлер оған ашылмаған осы секілді тағы бес қылмысты мойнына алуды ұсыныпты. Бас тартқан соң, оны балғамен ұрып, аяусыз соққыға жыққан. Зардап шегуші полицейлер учаскесінде олар салған зақымдар мен қанды ісіктерге медициналық сараптама жасатып, олардың үстінен шағымданған екен.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 шілде 2014, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.