5 шілдеде қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ Ғаббас Берғалиев көшесіндегі №75 үй (темір жол ауруханасы маңында) пәтерлерінің кілттерін табыс етті.
Бұл 54 пәтерлік үй «Қолжетімді баспана-2020» - «Кезекте тұрғандарға арендалық тұрғын үй беру» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. 14 жетім, 12 аз қамтылған отбасы, 27 мемлекеттік қызметші, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері мен апатты үйлер тұрғындары жаңа пәтерлерге ие болды. Ерлі-зайыпты Марина ИЖЕРСКАЯ мен Сергей УЛЬЯНОВҚА Нұрлыбек Ожаев екі бөлмелі пәтер кілтімен бірге сыйлыққа теледидар берді. Марина – жетім, кезекте 2006 жылдан бері тұрған. Бюджеттің сала қызметкері Қанзиба ҚАЙЫР өз кезегін одан көп күткен. 1999 жылы ол Атырауға Қызылқоға ауданынан көшіп келген. Осы уақыттан бері Қанзиба апаның үлкен жанұясы – үш ұлы әйелдерімен және бес немересімен бірге бұрынғы балық өнеркәсібі техникумы жатақханасында тұрып келген. Енді ол үш бөлмелі пәтерге ие болды.
- Жыл аяғына дейін Атырауда тағы 1 000-нан аса арендалық пәтер беріледі деп жоспарлануда, - деп мәлімдеді Нұрлыбек Ожаев.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ