Атырау, 6 маусым 08:21
 дождьВ Атырау +17.9
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Грузияның экс-президенті қайтыс болды

1 514 рет қаралды
Грузияның бұрынғы президенті, КСРО Сыртқы істер министрі қызметін атқарған Эдуард Шевернадзе 86 жасында Тбилиси қаласында дүниеден озды деп хабарлайды Грузия СІМ.

Экс-президенттің дүниеден өткендігі туралы хабарды оның туыстары да растаған. Сасаткердің қашан және қай жерде жерленетіні әлі айтылған жоқ.
Эдуард Шевернадзе 1928 жылы Грузияның Мамати ауылында дүниеге келген. 1985-1990 жылдар аралығында ол КСРО Сыртқы істер министрлігін басқарды. 1995-2003 жылдары Грузияның президенті болды. "Раушан төңкерісінен" кейін билікке Саакашвили келіп, Шевернадзе Тбилисиде өмір сүруін жалғастыра берді.

Дереккөз: Baq.kz

8 шілде 2014, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.