Атырау, 24 желтоқсан 17:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Минскідегі парадқа Ресей әскері қатысты

2 169 рет қаралды

Минскідегі парадта жүрген ресейлік әскерилер мен әскери техника. 3 шілде 2014 жыл. Минскідегі парадта жүрген ресейлік әскерилер мен әскери техника. 3 шілде 2014 жыл. 3 шілде күні Минск орталығында Беларусьтің неміс фашистері басқыншылығынан азат етілуінің 70 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне орай әскери парад өтті.

Парадқа үш мыңнан астам әскери қызметкер мен 200-ге таяу әскери техника қатысты. Олардың арасында ресейлік әскерилер мен әскери техникалар да болды. Ресей әскерінің Минскідегі парадқа қатысуы беларусь оппозициясының наразылығын тудырды.

2 шілде күні Ресей президенті Владимир Путин Минскіге барған. Минскіде ол Беларусь президенті Александр Лукашенкомен бірге Ұлы отан соғысының тарихына арналған мұражайды ашып, екі жақты келіссөздер өткізді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

4 шілде 2014, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.