Атырау, 27 қараша 09:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркияға барар ұзақ жол

2 570 просмотра

«Гүлнар-тур» туристік фирмасынан жолдама сатып алған қала тұрғыны Олег САВИНГЕ өз еңбек демалысын тағы бір аптаға кейінге қалдыруға тура келген. Енді ол  демала алатындығына сенімді емес: қолында ұшақ билеті де, отельдің брондалғанын растайтын ваучер де жоқ.

Кемердегі бес жұлдызды қонақ үйде демалатын екі апталық жолдаманы өзіне және ұлына Олег 24 қаңтарда «Ерте брондау» акциясы бойынша алған екен. Түркияның жағалауына ұшу сапары 3 шілдеге белгіленген. Ол туристік пакетті төлеп, еңбек демалысын алуға арызын жазып қойған. Алайда ұшуға жақын қалған кезде проблемалар басталды.

- Алдымен ұшудың 7 шілдеге қалдырылғанын айтты, содан соң 9-да ұшуға ұсыныс білдірді. Өйткені бұл уақытта таңдалған отельде орын жоқ екен. Ал күйеуім жолдаманы жыл басында сатып алған еді, - деп әңгімелейді Олегтің жұбайы Ирина. – Ол ақшасын алып, басқа турфирмалардан шұғыл жолдамаларды іздегісі келген. Бірақ «Гүлнар тур» ақшаны қайтарудан бас тартты. Тек сот арқылы ғана деді. Ал ол жұмысында еңбек демалысын рәсімдеп қойды ғой. Сөйтіп олардың айтқан ұсыныстарымен келісуге тура келді.

Бірнеше күн бойына Олег турфирма кеңсесінің табалдырығын тоздырған. Оған ешқандай ресми хат та, хабарлама да берілмеген еді. Енді ол демала алар ма екенмін деп алаңдап жүр. Өйткені өзінің турпакетін әлі алмаған еді. Оның айтуынша, ұшу уақытының өзгеруі салдарынан екі клиент демалуға барудан бас тартыпты.

- Клиент демалғысы келген отель бос орындардың жоқтығын растады. Сондықтан оның демалысын анағұрлым кейінгі мерзімге ығыстыруға тура келді, ол 9-шілдеде ұшады. Қалған клиенттер, жоспарланғандай, 3-шілдеде ұшады, - деп ахуалға түсінік берді «Гүлнар тур» туристік компаниясы филиалының өкілі Раушан ЖҰМАҒАЛИЕВА.

Егер клиент жарты жыл бұрын осы отельде тұру ақысын алдын ала төлеп қойған болса, мұндай жағдайдың қалайша орын алуы мүмкін деген сұрақты Раушан Алматыдағы бас кеңсеге жолдауға кеңес берді. Өкінішке орай, ол жерде қоңырауымызға жауап бермеді.

Бұл «Гүлнар турға» қатысты биылғы маусымдағы алғашқы оқиға емес. Маусымда бірнеше ондаған туристер Атыраудан Түркияға жете алмаған еді. Сол кезде бұл жағдайды республикалық БАҚ-тар жария еткен болатын.

- Біз демалысқа 9 маусымда ұшуға тиіс едік, күні бойына күттік, бізге «әне, міне ұшасыздар» деумен болды. Рейсті бірнеше рет кейінге қалдырды, нәтижесінде біз тек келесі күні ғана ұштық. Өзімізбен бірге балаларымызды алып шығуға қорқып, балалар жолдамасынан бас тарттық. Рас, олардың ақшасын бірден қайтарып берді. Ақтөбе арқылы ұштық, бірақ одан бұрын Анталияға тікелей рейс болады деп уәде еткен еді, - деп әңгімелейді қала тұрғыны Нұргүл. – Кері қайтар жол да оңайға соқпады, мейманханадан бізді таңертеңгі 10-да алып кетті, ал біз тек кешке ғана ұштық.

Дегенмен, «Гүлнар турда» мұндай проблемалар тек Атырауда ғана туындамаған: республикалық БАҚ-тардың хабарлауынша, осы компанияның клиенттері – 200-ден астам қазақстандық туристер Түркия әуежайларында кідіріп қалған. Бір бөлігі Анталиядан Қостанай мен Ақтөбеге, енді бірі Бодрумнан Алматыға ұша алмапты. Қазақстаннан Түркияға демалуғу ұшу сапары да «Гүлнар тур» клиенттері үшін проблема болған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 шілде 2014, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.